|
|
|
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 шілдедегі № 633 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысында: көрсетілген қаулыға 372-1 қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақта: 5-бағанда реттік нөмірлері 2, 3-жолдардағы «Олар қаржылық қызметтерді ұсынуы кезіндегі қаржы ұйымдарын қоспағанда,» деген сөздер алынып тасталсын; 2) ҚР Үкіметінің 2014.24.09. № 1011 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |