|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы № 803 қаулысына толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, ішкі істер, қаржы полициясы, өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, бір жолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы № 803 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 29, 255-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, ішкі стер, қаржы полициясы, өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, бір жолғы жәрдемақыларын тағайындау мен оны төлеудің ережесінде: 1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі әскери қызметшілерінің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы есепке алатын әскери қызметке алынғанға дейінгі еңбек қызметінің стажы». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |