Базалық лауазымдық жалақы мен түзету коэффициентінің (2007.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 24 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2008.29.12. № 1400 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығын және Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналар: ҚР Үкіметінің 2005.29.04. № 409 қаулысымен 1) тармақша өзгерді (2005 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгiзiледi) 1) базалық лауазымдық жалақы 8712 теңге мөлшерінде; ҚР Үкіметінің 2006.20.12. № 1229 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 2) түзету коэффициенті 3,62 мөлшерінде белгіленсін. 2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы қаулыны іске асыруға байланысты қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
|