Қазақстан Республикасы Үкіметінін кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2009 жылғы 26 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 648-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында: Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында: 7 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында: 01 «Тұрғын үй шаруашылығы» функционалдық кіші тобында: 217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 052 «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша: 101 «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ-ды несиелендіру» кіші бағдарламасы алынып тасталсын; 053 «Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды институционалдық қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша: 100 «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту» кіші бағдарламасында «жарғылық» деген сөзден кейін «және резервтік» деген сөздермен толықтырылсын; 101 «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту» және 102 «Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту» кіші бағдарламалары алынып тасталсын; 2) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 753 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 354-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында: «Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2008-2010 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі» деген 5-бөлімде: 2008-2010 жылдарға арналған басымды республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде: «Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деген кіші бөлімде: реттік нөмірі 82-жолда: 5-бағанда «62000000» деген сандар «57000000» деген сандармен ауыстырылсын; 8-бағанда «21700000» деген сандар «18277000» деген сандармен ауыстырылсын; 9-бағанда «16740000» деген сандар «15163000» деген сандармен ауыстырылсын; Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға арналған бюджеттік инвестицияларда: «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деген кіші бөлімде: реттік нөмірі 3-жолдың 2-бағанында «жарғылық» деген сөзден кейін «және резервтік» деген сөздермен толықтырылсын; 3) «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысында: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: «Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо» деген V бөлімде: 07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында: 01 «Тұрғын үй шаруашылығы» ішкі функциясында: 217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» әкімшісі бойынша: 053 «Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын институционалдық қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша: 100 «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту» деген кіші бағдарламаның 2-бағанында «жарғылық» деген сөзден кейін «және резервтік» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|