|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1103 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1339 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 618-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесінде: 17-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) заңды күшіне енген сот үкімімен кінәлі екендігі анықталған жағдайда оның қылмыс жасау кезінде алған жарақаттарының салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздық туындаған қызметкерге;». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |