|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 317 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 380 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 317 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасына: «Тұжырымдаманың негізгі бағыттары мен іске асыру тетіктері» деген 3-бөлімде: «Медицина және фармацевтика кадрларын даярлау құрылымдарын өзгерту» деген 5.1-параграфта: он жетінші абзацтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «медициналық-профилактикалық іс бакалавры академиялық дәрежесі беріле отырып «медициналық-профилактикалық іс» (5 жыл);»; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында: реттік нөмірі 2-жолдың 5-бағаны «, 2009 жылғы 2-тоқсан» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |