|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 ақпандағы № 85 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1-тармақтың 5) тармақшасындағы «республикалық» деген сөз алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Алдын алуы, диагностикасы және жойылуы республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың ерекше қауіпті ауруларының тізбесінде: тақырыбындағы «республикалық бюджет» деген сөздер «бюджет қаражаты» деген сөздермен ауыстырылсын; алтыншы абзацтағы «африка обасы (экзотикалық ауру)» деген сөздерден кейін «, тұмау» деген сөзбен толықтырылсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |