|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 603 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 73-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінде: 2, 3, 4, 5-тармақтардағы, 8-тармақтың бірінші абзацындағы, сондай-ақ 9, 10-тармақтардағы «аудан», «ауданның», «аудандық», «Аудан» деген сөздерден кейін «(облыстық маңызы бар қала)», «(облыстық маңызы бар қаланың)» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген Ережеге 1-қосымшада: «ауданының» деген сөзден кейін «(облыстық маңызы бар қаланың)» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген Ережеге 2-қосымшада: «2. Тараптардың құқықтары мен міндеттемелері» деген бөлімде: 2-тармақтың 1) тармақшасындағы «аудан» деген сөзден кейін «(облыстық маңызы бар қала)» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |