|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысына толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 Қаулысымен күші жойылды
«Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 79-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) туралы ережеде: 17-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) Агенттіктегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауапты болады». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |