«Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін бөлу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 5 сәуірдегі № 88-б бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйекте № 220 Бұйрығымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 25 тамыздағы № 125-ө өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асырудың мақсатында қабылдануы керек нормативтік құқықтық актілер тізбесінің 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін бөлу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 5 сәуірдегі № 88-б бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3652 тіркелді, 2005 жылғы 20 қыркүйектегі № 172 «Заң газетінде» жарияланған), мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін бөлу ережесінде: 1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 2) домендік атау - Интернет желісіндегі адресаттың ережелеріне сәйкес қалыптастырылған, желінің объектісіне атаулы жолданымға арналған және белгілі бір желілік мекенжайға сәйкес нышандық (әріптік-цифрлы) белгі;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|