Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 419 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 1 ақпандағы № 81 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау және оған қойылатын біліктілік талаптары мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 419 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 16, 185-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде: 2-тармақта: төртінші абзацтағы «тұлға.» деген сөз «тұлға;»; деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «уәкілетті органның біліктілік емтиханынан өткені туралы шешімі - бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамның біліктілік емтиханынан өткенін растайтын құжат.»; 9 және 10-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын: «9. Жеке тұлғалар лицензия алу үшін лицензияларға мынадай құжаттарды: 1) белгіленген үлгідегі өтінішті; 2) мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты; 3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|