Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық (ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1117 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2010 жылғы 2 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң «Республикалық клиникалық аурухана» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінiң «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi Кәсiпорын) болып қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуін қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсін: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тiзбесiнде: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлiмде: реттiк нөмiрi 9-67-жол мынадай редакцияда жазылсын: «9-67 «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) Астана қаласы»; 2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1117 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 3) «Республикада медициналық білім берудi одан әрі жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 28 қыркүйектегi № 1469 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 48, 450-құжат): мемлекеттік жоғары медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базасы болып табылатын ауруханалардың, емханалар мен дәрiгерлiк амбулаториялардың тізбесінде: «Қазақ мемлекеттік медицина академиясының клиникалық базалары» деген бөлiмде: 3-абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Ұлттық ғылыми медициналық орталық». 4. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
|