Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 және 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында: 1. «Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде: «Бағдарламаның мақсаты» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Бағдарламаның мақсаты Қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру, сондай-ақ экономиканың шикізаттық емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету.»; төртінші бөліктің төртінші абзацының мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын; мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын: «Шағын және орта бизнес субъектілерінің кредиттік ресурстарының құнын төмендету және шағын және орта бизнес субъектілеріне кредиттік ресурстарды берудің қолжетімділігі мен жеделдігін ұлғайту мақсатында банктердің ұйымдастырушылық-техникалық мүмкіндіктерін тарту жолымен қаржы агенті арқылы халықаралық қаржы институттарының кредиттік ресурстарын тарту жөнінде шаралар қабылданатын болады.»; «Бағдарламаның мақсаты» деген 4.1-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын: «4.1 Бағдарламаның мақсаты Қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру, сондай-ақ экономиканың шикізаттық емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету.»; «Міндеттері» деген 4.3-кіші бөлімде: «Бірінші бағыт: жаңа бизнес бастамаларды қолдау» Пайыздық ставканы субсидиялау шарттары мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|