Қызылорда облысы әкімдігінің «Қызылордасушаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қызылорда облысы әкімдігінің «Қызылордасушаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншікке мүліктік кешен ретінде қабылданып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің қарамағына берілсін. 2. Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қызылордасушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта аталсын. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қызылорда облысының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын; 2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге шараларды қабылдасын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|