Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар
өткізу жөніндегі комиссияны құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 11 ақпандағы № 203 қаулысы
(2010.05.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 31 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінiң 2006.29.12. № 1315 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Жерүсті телерадио хабарларын тарату жұмысы үшін бөлінетін шектеулі мемлекеттік ресурстар радиожиілік спектрін тиімді пайдалануды арттыру, халықтың телерадио бағдарламаларына сұранысын неғұрлым толық қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 03.04.02 ж. № 397; 17.07.02 ж. № 797; 31.10.03 ж. № 1083; 05.12.03 ж. № 1238; 2005.28.02. № 173 (бұр. ред. қара); 2006.27.06. № 588 (бұр. ред.қара); 2006.29.12. № 1315 (бұр.ред.қара); 2007.12.06. № 484 (бұр.ред.қара); 2007.04.10. № 897 (бұр.ред.қара); 2008.11.06. № 577 (бұр.ред.қара) ; 2008.31.12 № 1338 (бұр. ред. қара); 2009.10.04 № 502 (бұр.ред.қара); 2009.13.11 № 1834 (бұр.ред.қара); 2010.05.11. № 1165 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды анықтау жөніндегі шешімдер қабылдау үшін мынадай құрамда Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссия құрылсын:
Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы | - Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі, төраға; |
Түсіпбеков Әміржан Нұрышұлы | - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары; |
Оразов Нұрай Нұрғожаұлы | - Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат вице-министрі, төрағаның орынбасары; |
Нұршабеков Ризат Рахатбекұлы | - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің төрағасы; |
Берсебаев Болат Талапұлы | - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы, хатшы; |
Әбдіреева Шолпан Тоқтарқызы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары; |
Сұлтанов Қуаныш Сұлтанұлы | - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) |
Нығматулин Ерлан Зайроллаұлы | - Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң депутаты (келісім бойынша) |
Петров Валерий Викторович | - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрi |
Жақсыбаева Шолпан Ахметқызы | - Қазақстан телерадио хабарларын таратушылардың ұлттық қауымдастығының атқарушы директоры |
Қалижанов Уәлихан Қалижанұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты |
Омашев Намазалы Омашұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны журналистиканы зерттейтін ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі; |
Якушенко Владимир Матвеевич | - «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамы бас директорының орынбасары |
Соловьева Айгүл Сағадыбекқызы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан азаматтық альянсының президенті (келісім бойынша) |
Есім Ғарифолла | - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) |
ҚР Үкіметінің 05.12.03 ж. № 1238 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі Жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізу тәртібін әзірлесін және бекітсін.
ҚР Үкіметінің 05.12.03 ж. № 1238; 2005.28.02. № 173 (бұр. ред. қара); 2008.11.06. № 577 (бұр.ред.қара); 2010.05.11. № 1165 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Комиссияның жұмыс органы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитет болып белгіленсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |