Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 8 ақпандағы № 119 және 2005 жылғы 26 қазандағы
Осы редакция 2011 жылғы 31 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қарулы Күштердегі, басқа әскерлер мен әскери құралымдардағы медициналық қамтамасыз етуді жетілдіру және құқық тәртібінің деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесін дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 ақпандағы № 119 қаулысында: көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесін дамыту тұжырымдамасында 4-бөлімнің жетінші абзацы алынып тасталсын; 2) «Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қазандағы № 1072 қаулысында: Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында 2-бөлімнің реттік нөмірі 1-жолы алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
|