Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 603 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 73-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінде: «2005 жылғы 8 шілдедегі» деген сөздерден кейін «Заңына» деген сөзбен толықтырылсын; «2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2008 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Бюджеттік кредиттер облыстардың жергілікті атқарушы органдарына мынадай жағдайларда: кейіннен ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына, олардың тұрғын үй сатып алуы үшін теңгемен 15 (он бес) жыл мерзімге жылдық 0,01 % мөлшеріндегі сыйақы ставкасы бойынша бере отырып кредиттік шарттар жасасу арқылы беріледі; кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледі және 22 (жиырма екі) айды құрайды; бюджеттік кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету бойынша қосымша шарттар кредиттік шартта белгіленеді.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|