ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 336 қаулысымен бекітілген
«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» (2012.31.08. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2012.31.08. № 1110 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Мемлекеттік қызметті Астана қ., Жеңіс д., 16\1, (4-қабат, сол қанат) мекенжайы бойынша орналасқан Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы (бұдан әрі - орталық) көрсетеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - комитет) уәкілетті орган болып табылады. Комитеттің мекенжайы: Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, 11-ші кіреберіс. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ Заңының 39-бабының 4-тармағы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесінің негізінде жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2012.31.08. № 1110 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат комитеттің ресми сайтында (www.educontrol.kz.) және орталықтың сайтында (www.nac.edu.kz) орналасқан, телефондар: 8 (7172) 74-24-29, 74-23-49, 73-17-43, 73-17-44, 73-17-50. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесінде тұтынушы білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы қағаз жеткізгіште куәлік не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жазбаша түрде жауап алады. 6. Мемлекеттік қызмет шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттары бар жеке тұлғаларға (бұдан әрі — тұтынушылар), сондай-ақ өз қызметкерлерінің құжаттарын тану/нострификациялау рәсіміне ұсынатын заңды тұлғаларға (білім беру ұйымдарына) көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|