Осы редакция 2011 жылғы 25 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 767 бұйрығымен бекітілген
«Дербес компьютерлерге, бейнетерминалдарға және олармен жұмыс істеу
1. Жалпы ережелер
1. «Дербес компьютерлерге, бейнетерминалдарға және олармен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық-ережесі (бұдан әрі - санитариялық ереже) дербес компьютерлерді (бұдан әрі - ДК), бейнетерминалдарды (бұдан әрі - БТ) орналастыру мен пайдалануға және олармен жұмыс істеу жағдайларына, микроклиматқа, физикалық факторлар әсеріне және жарыққа қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды регламенттейді. 2. Осы санитариялық ереже тұрмыста пайдаланылатын теледидарларға, теледидардың ойын қондырғыларына, борттық және шағын компьютерлерге қолданылмайды. 3. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды: 1) бейнетерминал - бейнені көрсетуге арналған құрылғы. Клавиатура тәрізді енгізу (кіру блогы) құрылғысымен жабдықталған, дисплей экраны бар пайдаланушының терминалы; 2) дербес компьютер - жеке тұлғаның дербес пайдалануына арналған микрокомпьютер; 3) жерлендіру сұлбасы - жермен тікелей жанасатын, жерлендірілетін жабдық орнатылған үй-жайдың (ғимараттың) сұлбасы бойынша орналасқан металл сымдардың жиынтығы; 4) периметрмен орналастыру - жиһаздарды, жабдықты қабырға бойында (периметрі бойынша) орналастыру; 5) қатармен орналастыру - жиһаздар мен жабдықтарды үй-жайдың ортасында, бірінен кейін бірін қатар орналастыру; 6) орталықта орналастыру - жиһаздар мен жабдықты үй-жайдың ортасында топтап орналастыру; 7) қауіпсіз электромагниттік сәуле - адамның денсаулығына зиянды әсер етпейтін электромагниттік сәуле деңгейі; 8) жалпы жарық - шырағданшырақтар үй-жайдың жоғары аймағында біркелкі орналасатын (жалпы біркелкі жарық) немесе жабдықтың орналасуына қарай (жалпы жергілікті жарық) жарықтандыру; 9) үй-жайдың аралас жасанды жарығы - жалпы жарыққа жергілікті жарық қосылатын жарық; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|