«Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерін, Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін және Арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша арнайы түстік және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің, көліктің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерін, Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін және Арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша арнайы түстік және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің, көліктің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінде: оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «басты жол - 2.1, 2.3.1-2.3.3 белгілерімен белгіленген немесе 5.1 белгісі бар жолдармен қиылысатын (қосылатын) не болмаса қиыршық тас төселген жолдарға қатысты қатты (асфальтталған, цементті-бетондалған, тыс материалдар және сол сияқты) жол. Екінші дәрежелі жолда, тікелей учаске қиылысы алдындағы төселген жол болғанымен, қиылысатын жолмен тең болып саналмайды;»; мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын: «газон (гүлзар) - қалалық жер тізілімінде «газон» («гүлзар») ретінде айқындалған, айқын белгіленген шекаралары бар жер учаскесі;»; мынадай мазмұндағы жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтармен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|