«Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1730 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1108 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1730 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 445-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ережеде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ереже (бұдан әрі - Ереже) «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына және 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісіміне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау тәртібін айқындайды;»; алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «карантинге жатқызылған өнім легі - бір көлік құралымен бір жеткізілетін пунктке бір алушыға жіберуге арналған карантинге жатқызылған өнімнің саны;»; сегізінші мен тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда баяндалсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|