Қазақстан Республикасының
Осы редакция 2012 жылғы 16 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін: 2012 жыл - 1 200 000 000 мың теңге; 2013 жыл - 1 200 000 000 мың теңге; 2014 жыл - 1 200 000 000 мың теңге. 2-бап. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2011-2013 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2010 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 23, 135-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3-бап. Осы Заң 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы қарашаның 15-і. № 491-ІV
|