Осы редакция 2012 жылғы 30 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.27.08. № 972 Қаулысымен қағидамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген
Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру
1. Осы Қағида жастар практикасын ұйымдастыру, қаржыландыру және оның шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру тәртібін айқындайды (бұдан әрі - Қағида). 2. Жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған түлектер және осы жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәлімет «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылады.
2. Жастар практикасын ұйымдастыру
3. Жастар практикасы жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылады. 4. Жастар практикасы уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады және мынадай ерекшеліктері бар: 1) арнайы түлектердің алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтауына арналған; 2) жастар практикасына қатысушыларға еңбекақы төлеу мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі; 3) жұмыс орындарының саны шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды; 4) жолданатын түлектер уәкілетті органда және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелуге және олардың жасы 29-дан аспауға тиіс; 5) жолдама беру сәтінде жолданатын азаматтар үшін уәкілетті органда және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығында лайықты тұрақты жұмыс болмаған болуы керек. 5. Уәкілетті орган және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығы: 1) жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру мәселелері бойынша жұмыс берушілерге консультация береді; 2) жыл сайын, 10 қаңтарға дейінгі мерзімде жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілерден осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім жинауды жүзеге асырады; 3) барлық ұсынылған өтінімдер үш жұмыс күні ішінде бірыңғай тізбеге жинақталып, тиісті ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігіне қарауға және бекітуге ұсынылады. 6. Ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігі жыл сайын тізбені алғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде өзінің шешімімен өңірлік еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесін бекітеді. Бекітілген тізбеде кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде әр жұмыс беруші бойынша: 1) ұйымдастырылатын жұмыс орындарының саны; 2) айлық жалақы мөлшері; 3) жастар практикасының ай бойынша ұзақтығы көрсетіледі. 7. Уәкілетті орган және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушімен жастар практикасын қаржыландыру туралы шарт жасайды.
3. Жұмыссыз азаматтарды жастар практикасына жіберу
8. Уәкілетті орган және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығы: 1) жұмыссыз азаматтарға жастар практикасынан өтуге байланысты мәселелер бойынша консультация береді; 2) жастар практикасынан өту үшін түлектер қатарындағы жұмыссыз азаматтарды жасалған шарттарға сәйкес және кәсіптік білімін ескере отырып, жұмыс берушілерге жібереді. 9. Түлектер жастар практикасына он екі ай кезеңінде бір рет қатыса алады және жұмыссыз ретінде тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады. 10. Жұмыс беруші жастар практикасына қатысушылармен жасалған шарттардың және оларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмелерін уәкілетті органға немесе халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынады. 11. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жастар практикасына қабылданған түлек жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты жұмысқа қабылдануы мүмкін. Бұл ретте жұмыс беруші уәкілетті органға немесе халықты жұмыспен қамту орталығына тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жолдайды. 12. Жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жастар практикасына қатысушының талабы бойынша практикадан өту туралы пікір (ұсыным хат) береді.
4. Жастар практикасын қаржыландыру
13. Жастар практикасын қаржыландыру жастар практикасынан өту үшін құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан түлектерге еңбекақы төлеуге мемлекеттік бюджеттен қаражат беруді қамтиды. 14. Жастар практикасын қаржыландыруды жұмыс берушілермен жасалған шарттар негізінде, ай сайын қаржыландырудың бекітілген жоспарларына сәйкес және осы мақсаттарға аудандардың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) бюджеттерінде көзделген сома шегінде уәкілетті органдар жүзеге асырады. 15. Уәкілетті орган жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарына орналастырылған түлектерге еңбекақы төлеуді ай сайын, жұмыс берушінің осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынған мәліметтері негізінде, нақты орындалған жұмыс уақыты үшін еңбек шартында белгіленген мөлшер негізінде жүргізеді және жастар практикасына қатысушылардың екінші деңгейдегі банктерде ашылған жеке есеп шоттарына ақшалай қаражат аудару арқылы жүзеге асырады.
5. Жастар практикасын ұйымдастыру туралы есептілікті ұсыну
16. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 2-күніне облыстардың уәкілетті органдарына Қазақстан Республикасының статистика саласындағы уәкілетті органы бекіткен нысан бойынша есеп береді. Аталған есепте: 1) жастар практикасы шеңберінде құрылған жұмыс орындарына орналастырылған түлектердің саны туралы; 2) жастар практикасы шеңберінде құрылған жұмыс орындарына орналастырылған адамдар жалақысының орташа айлық мөлшері туралы мәліметтер қамтылады. 17. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органдары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 4-күніне орталық атқарушы органға өңір бойынша Қазақстан Республикасының статистика саласындағы уәкілетті органы бекіткен нысан бойынша тиісті жиынтық есепті ұсынады.
ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына 1-қосымша
________________ ауданының, қаласының уәкілетті органына _____________________________ _____________________________ _____________________________
Өтінім
__________________________________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________ (жұмыс берушінің толық атауы, мекенжайы, СТН, байланыс жасайтын адамдары мен телефондары) жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын Жұмыс берушілер тізбесіне қосуды сұрайды. Мәселе оң шешімін тапқан жағдайда жұмыссыздарға тізбеге сәйкес мынадай жұмыс орындары ұсынылатын болады:
Қосымша: 1. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі; 2. Ұйым жарғысының және/немесе құрылтай шартының көшірмесі.
Басшы
М.О
ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына 2-қосымша
Жұмыссыз азаматтарға арналған жастар практикасын қаржыландыру туралы № _____ шарт
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын ________________________ ауданының (қаласының) уәкілетті органының (халықты жұмыспен қамту орталығының) атынан бастығы (директоры) _____________________________________________________________________________, (Т.А.Ә.) және ____________________________________________________________________________________________________________атынан (жұмыс берушінің атауы) _______________________________________________________________________________________________________________________ (басшының Т.А.Ә., лауазымы) (бұдан әрі - Жұмыс беруші) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және __________________________ ауданы (қаласы) әкімдігінің 201__ жылғы «__» _______ №_____ қаулысының негізінде төмендегі туралы осы келісімді жасады:
1. Келісім мәні
1. Бастауыш, орта, ортадан кейінгі және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдары түлектерінің қатарындағы жұмыссыз азаматтар үшін оларды алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында жастар практикасын қаржыландыру. 2. Шарт сомасы _________________________________________________________________________________________________________ (жазбаша) мың теңгені құрайды.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3. Тапсырыс беруші: 1) жұмыссыздарды олардың келісімімен Жұмыс берушіге жастар практикасынан өтуге_______________________________адамды жіберуге; (саны жазбаша) 2) жастар практикасына қатысушыларға жұмыс берушілердің ұсынған мәліметтеріне сәйкес міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын шегере отырып, толық жұмыс істеген айы үшін нақты орындаған жұмыс уақытына _______________________ теңге есебімен жалақы (сома жазбаша) төлеуге; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыссыз азаматтардың алған табыстарынан жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуға, сондай-ақ жұмыссыз азаматтарға төленетін табыстар түрінде жұмыс берушінің шығыстарынан әлеуметтік салықты төлеу және әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды аударуға міндеттенеді. 4. Жұмыс беруші: 1) жұмыссыз азаматтарға жастар практикасынан өту үшін мынадай жұмыс орындарын ұсынуға:
2) жұмыссыз азаматтармен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек шартын жасауға; 3) Тапсырыс берушіге жастар практикасына қатысушылармен жасалған еңбек шарттарының көшірмелерін ұсынуға; 4) қажет болған жағдайда, қабылданған жұмыссыздарға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлеуге; 5) жұмыссыздың әрқайсысына жеке қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізуге; 6) қажет болған жағдайда, жұмыссыздарды арнайы киіммен, құралдармен, керек-жарақпен және т.б. қамтамасыз етуге; 7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге; 8) жұмыссыздардың еңбек міндеттерін орындауы кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зиянды өтеуге; 9) Тапсырыс берушіге жастар практикасына қабылданған жұмыссыздар туралы ұсынылатын ақпараттың нақтылығы үшін жауапты болуға; 10) есепті айдың аяқталуынан бес жұмыс күні бұрын Тапсырыс берушіге белгіленген нысан бойынша жастар практикасына қабылданған жұмыссыздар туралы мәліметті ұсынуға міндеттенеді.
3. Еңбекақы төлеу
5. Тапсырыс беруші жастар практикасына қабылданған жұмыссыз азаматтарға еңбекақы төлеуді, еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы мен ақысы төленетін жыл сайынғы пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны төлеуді жасалған еңбек шарттары негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді.
4. Тараптардың жауапкершілігі
6. Осы шартта көзделген міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады. 7. Осы шартты орындау кезінде туындайтын барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі. 8. Шарт тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл ретте ол бұл туралы басқа тарапқа кемінде бір ай мерзім бұрын ескертуге міндетті. 9. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша енгізіледі.
5. Форс-мажор
10. Тараптардың ешқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін, егер мұндай орындамау осы шартқа қол қойылғаннан кейін туындаған еңсерілмейтін күштің, яғни өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да апатты жағдайлар; әскери іс-қимылдар және т.б. сияқты төтенше және дүлей жағдайлардың (форс-мажор) пайда болуы салдарынан болса, жауапты болмайды. 11. Осы шарт бойынша міндеттемелерін орындау мүмкін болмайтын тарап 2 жұмыс күні ішінде жоғарыда аталған жағдайлардың басталу және болжамды аяқталу мерзімі және оның салдары туралы басқа тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. Форс-мажор жағдайының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау тарапты мұндай жағдайларға сілтеме жасау құқығынан айырады. 12. Егер жоғарыда аталған жағдайлар 30 күннен артық жалғасатын болса, онда тараптардың әрқайсысы осы шарт бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы және бұл жағдайда тараптардың ешқайсысының басқа тараптан ықтимал шығындарды өтеуді талап етуге құқығы жоқ.
6. Қолданылу мерзімі
13. Осы шарттың қолданылу мерзімі 201__ жылғы «__» ________ бастап 201__ жылғы «__» ___________ дейін. 14. Осы шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 15. Шарт әрқайсысының бірдей заңдық күші бар екі данада жасалды.
7. Тараптардың заңды мекен-жайлары:
Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына 3-қосымша
____________________________________________________ (жұмыс берушінің атауы) жастар практикасына қабылданған жұмыссыз азаматтар туралы 201__ жылғы ____________ МӘЛІМЕТТЕР
Басшы___________________
Бас бухгалтер_____________
М.О.
|