«Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 8 ақпандағы № 109 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 1, 7-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі туралы ережеде: 1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Агенттіктің заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық жер инспекциялары болады.»; 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) жер заңнамасын, сондай-ақ геодезия мен картография саласындағы заңнаманы қолдану практикасын қорыту және оларды жетілдіру;»; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) жер қатынастарын, геодезия мен картографияны реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу;»; мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырысын: «6-1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдардың басшыларын тағайындау және қызметтен босату мәселелері бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасау; 6-2) пайдаланылмайтын не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерлерді анықтау және мемелекеттік меншікке қайтару мәселелері бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасау;»; 19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «19) әкімшілік-аумақтық бірліктер арасындағы шекараның өзгерістерін, сондай-ақ жергілікті жердің өзгерістерін және географиялық объектілердің атауларын көрсете отырып, кезекші анықтамалық карта жүргізу;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|