«Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулыcына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулыcына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде: 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «13. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) мемлекеттің реттелетін салалардағы аграрлық саясатын іске асырады, стратегиялық жоспарлар, мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламалар әзірлейді және іске асырады, сондай-ақ ғылыми зерттеулер ұйымдастырады; 2) агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын әзірлейді, реттелетін салалар мәселелері бойынша халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасын білдіреді, инвестициялар тартуға және оларды пайдалануға ықпал етеді, халықаралық және сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырады, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және халықаралық бағдарламаларды іске асыруға қатысады; 3) өз құзыреті шегінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы халықаралық жобаларды іске асырады; 4) агроөнеркәсіптік кешен салаларын халықаралық стандарттарға көшіру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді; 5) агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 6) агроөнеркәсіп кешеніндегі жастар саясатын іске асыруға қатысады; 7) нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, баға, техника, кеден, салық, кредит, сақтандыру қызметінің, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы техникалық реттеу және мемлекеттік саясат аясындағы мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|