«Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамын құру туралы (2012.19.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2012 жылғы 7 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Индустриялық дамудың мемлекеттік саясатын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын. 2. Мыналар Қоғам қызметінің негізгі бағыттары болып айқындалсын: индустриялық саясат, қазақстандық өндірістерді жаңғырту және әртараптандыру, өнеркәсіптің өңдеуші секторларында бәсекеге қабілеттілікті арттыру және инновацияларды енгізу саласында зерттеулер жүргізу; өнеркәсіпті дамытудың теориялық, әдіснамалық және практикалық мәселелеріне зерттеулер жүргізу; өнеркәсіп салаларын қайта құрылымдаудың және салааралық кооперацияны дамытудың экономикалық факторларына зерттеулер жүргізу, өнеркәсіптегі қайта құрылымдауды және салааралық кооперацияны ынталандыру мен қолдау жөнінде шаралар әзірлеу; өндірістерді әртараптандырудың экономикалық факторларына зерттеулер жүргізу және кластерлерді дамыту, өндірістерді әртараптандыруды ынталандыру мен қолдау және кластерлерді дамыту жөнінде шаралар әзірлеу; жаңа өндірістерді құрудың техникалық-экономикалық негіздемелерін және оларды аумақтық орналастыру схемаларын әзірлеу, инвестициялық жобалар бойынша сараптамалық қорытындылар әзірлеу, өңірлік өндірістік жүйелер мен өнеркәсіп инфрақұрылымын құрудың және дамытудың тұжырымдамасын әзірлеу; Қазақстанның өнеркәсіп салаларының сегменттерін әлемдік өндірістік-шаруашылық жүйелеріне кіріктіруді қамтамасыз ету жөнінде, өнеркәсіп саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөнінде ұсыныстар дайындау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|