|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 20, 152-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 7, 55-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. 2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2012 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн: 1) кiрiстер - 4 729 852 668 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсiмдер бойынша - 2 951 663 443 мың теңге; салықтық емес түсiмдер бойынша - 241 253 675 мың теңге; негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 19 698 025 мың теңге; трансферттер түсiмдерi бойынша - 1 517 237 525 мың теңге; 2) шығындар - 5 301 003 844 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредит беру - 50 758 465 мың теңге, оның iшiнде: бюджеттiк кредиттер - 174 515 975 мың теңге; бюджеттiк кредиттердi өтеу - 123 757 510 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 361 236 077 мың теңге, оның iшiнде: қаржы активтерiн сатып алу - 361 746 077 мың теңге; мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 510 000 мың теңге; 5) тапшылық - -983 145 718 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң 3,1 пайызы; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 983 145 718 мың теңге.»; 2) 13-бапта: 9) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын: «26-1) жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн күтіп-ұстауға;»; 3) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын: «18-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылға арналған резервi 92 208 383 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.»; 4) мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын: «25-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерінің лимиті 2012 жылы қолданылмайды деп белгіленсін.»; 5) көрсетілген Заңға 1 және 4-қосымшалар осы Заңға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын. 2-бап. Осы Заң 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы қарашаның 20-ы. № 51-V ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |