Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының мәселелері (2022.03.06. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оған оның шаруашылық жүргізу құқығындағы мынадай еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қосу жолымен: 1) «Атом энергиясы институты», Курчатов қаласы; 2) «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты», Курчатов қаласы; 3) «Қазақ жарылыс жұмыстары мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы», Алматы қаласы; 4) «Байкал», Курчатов қаласы болып қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мынадай шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорындары: 1) «Ядролық физика институты» Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып; 2) «Геофизикалық зерттеулер институты» Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Геофизикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорындар) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 3. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық етуді жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|