ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 279 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қарашадағы № 1449 қаулысымен бекітілген
Бағдарлама шеңберінде жаңа өндірістерді құруға арналған мемлекеттік гранттар ұсыну қағидалары (2013.07.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2013.07.11. № 1169 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 қаулысымен бекітілген Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жаңа өндірістерді құруға арналған жеке кәсіпкерліктің субъектілеріне мемлекеттік гранттар ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және моноқалаларда және оларға әкімшілік бағыныстағы аумақтарда орналасқан елді мекендерде жаңа өндірістерді құру үшін кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттарды беру тәртібін анықтайды. ҚР Үкіметінің 2013.07.11. № 1169 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар: 1) кәсіпкер - шағын кәсіпкерлік субъектісі; 2) жаңа өндіріс - моноқалада тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кәсіпкерлердің кәсіпкерлік бастамасы; 3) моноқала - бұл өнеркәсіп өндірісінің және еңбекке жарамды халықтың негізгі бөлігі (20% және одан жоғары) бір немесе бірнеше қала құраушы кәсіпорындарда шоғырланған, әдетте, бір бейіндегі және шикізаттық бағыттағы (мономамандану), бұл ретте қалада өтетін барлық экономикалық және әлеуметтік үдерістерді айқындайтын қала; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|