«Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 846 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 188-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесі бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесінде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесі»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына сәйкес әзірленді және салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау тәртібін айқындайды.»; мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын: «4-1. Салалық бағдарламаларды іске асыру 21-1. Салалық бағдарламаның берілген мақсаттарына, нысаналы индикаторларына, міндеттеріне, нәтижелер (аралық және түпкі) көрсеткіштеріне қол жеткізу үдерісі іске асыру болып табылады. 21-2. Салалық бағдарламаны іске асыру кезінде: 1) ведомствоаралық өзара іс-қимылдағы келісімділік; 2) берілген нәтижелерге ресурстардың барынша аз шығындарымен қол жеткізу бағдарын ұстану; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|