«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 46, 582-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі туралы ережеде: 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «14. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) көліктің барлық түрлерін және коммуникацияны дамытудың бағдарламалары мен тұжырымдамаларын әзірлейді, инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік саясатты, сондай-ақ гендерлік теңдік саясатын қалыптастырады және жүргізеді; 2) мемлекеттің және халықтың тасымалдарға деген мұқтажына болжамдар әзірлейді; 3) көлік және коммуникация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 4) келісімдер мен шарттар жасау құқығымен көлік және коммуникация саласындағы мемлекетаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республиканың мүдделерін білдіреді; 5) көлік және коммуникация саласындағы Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғауды жүзеге асырады; 6) экономиканың және республика халқының тасымалдарға және онымен байланысты көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасайды; 7) Қазақстан Республикасында көлік және коммуникация қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді, көлік және коммуникация саласындағы ұлттық стандарттарды әзірлеуге қатысады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|