«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын. 2. Қоғам қызметінің негізгі бағыттары: 1) «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының (бұдан әрі - «ИТП» АЭА) жұмыс істеуі мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау; 2) қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға жер учаскелерін қосалқы жер пайдалануға (қосалқы жалға) беру және инфрақұрылым объектілерін жалға (қосалқы жалға) беру; 3) қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды жасасу және бұзу; 4) «ИТП» АЭА-ға қатысушылардың жыл сайынғы есептерінің негізінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен «ИТП» АЭА қызметінің нәтижелері туралы есепті уәкілетті органға ұсыну; 5) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларын тарту; 6) арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылым объектілерін салу және өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін инвестициялар тарту; 7) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына берілмеген жер учаскелерінде бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес инфрақұрылым объектілерін салуды жүзеге асыру; 8) халыққа қызмет көрсету орталығының «жалғыз терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеуі үшін қабылдау орнын ұйымдастыру; 9) «ИТП» АЭА-ны құру мақсаттарына жауап беретін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың іс жүзінде тұтынылуын растау; 10) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу болып айқындалсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|