Осы редакция 2012 жылғы 13 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 915 қаулысымен бекітілген
Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау
1. Осы Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленген және ішкі су жолдарында пайдаланылатын кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждардың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағида Мемлекеттік кеме тізілімі мен Жалға алынған шетел кемелері тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын кемелер экипаждарына пайдаланылады. 3. Лауазымы бар немесе арнайы біліктілікті талап ететін жұмыстарды орындайтын кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом берілуі тиіс, кемелердің командалық құрамының адамдары да әрбір кейінгі үш жыл өткен соң аттестаттауға жатады. Кемелердің капитаны және олардың көмекшілері лауазымдарына тағайындалған адамдарға, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтары командирлері мен олардың көмекшілеріне, электр-механиктеріне және олардың көмекшілеріне, сондай-ақ осы лауазымдарды қоса атқаратын диплом беру рәсімінен өткен адамдарға диплом беріледі. Кемелердің старшина-моторшыларына, кемелердің кеме жүргізуші-механиктеріне және бас қозғалтқыштарының қуаты 55 кВт-тан (75 ат күші) 110 кВт-қа (149 ат күші) дейінгі кемелердің рульші моторшыларына біліктілік куәлігі беріледі. 4. Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беруге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың: 1) білімі - жоғарғы немесе орта кәсіптік; 2) жүзу өтілін растайтын құжаттың; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|