«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» мемлекеттік мекемесін «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамына қайта ұйымдастыру туралы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 45-бабының 1-бөлігіне және «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» мемлекеттік мекемесі қайта құру жолымен оның жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы болып (бұдан әрі - қоғам) қайта ұйымдастырылсын. 2. Қоғам арнайы экономикалық аймақты басқару органы болып айқындалсын. 3. Қоғам қызметінің негізгі мәні болып мыналар айқындалсын: 1) арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл; 2) қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға инфрақұрылым объектілерін жалға (қосалқы жалға) беру; 3) қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды жасасу және бұзу; 4) арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың жыл сайынғы есептерінің негізінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен арнайы экономикалық аймақ қызметінің нәтижелері туралы есептілікті уәкілетті органға беру; 5) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларын тарту; 6) инфрақұрылым объектілерін салу және арнайы экономикалық аймағының өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін инвестициялар тарту; 7) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына берілмеген жер учаскелерінде бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес инфрақұрылым объектілерін салуды жүзеге асыру; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|