«Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 572 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 572 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 38, 332-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандандастыруды жүргізуге, сондай-ақ жаңадан жерсіндірілген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру қағидаларында: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру қағидалары»; 1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарлар дүниесін пайдаланушыларға сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардан басқа, жануарлардың мекендеу ортасына жануарларды және олардың будандасқан нысандарын интродукциялауға, реинтродукциялауға, будандастыруға рұқсаттар (бұдан әрі - рұқсат) беру тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|