Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің кейбір мәселелері (2015.29.09. берілген өзгерістермен)
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1.Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын. 2 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет) кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін. 3. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды; 2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. ҚР Үкіметінің 2015.29.09. № 803 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Кәсіпорын қызметінің мәні: 1) жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттік функциясы; 2) эпизоотиялық мониторинг; 3) Сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының ұлттық коллекциясын жүргізу; 4) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтары, байқаудан өткізу, сондай-ақ препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларын (партияларын) бақылау; 5) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторинг, референция; 6) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздік мониторингі болып белгіленсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|