Осы редакция 2012 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 1033 қаулысымен бекітілген
«Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар
1. «Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мына мекенжайда: 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, № 8 үй, № 14 кіреберісте орналасқан Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 314-бабының 1-тармағына, «Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 508 қаулысына (бұдан әрі - Ереже) сәйкес жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат уәкілетті органның www.ecokomitet.kz интернет-ресурсында және уәкілетті органның үй-жайында орналасқан стенділерде орналастырылады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру, қайта ресімдеу немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты беру болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|