«Мемэнергиясараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорны туралы (2000.04.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау республикалық басқармасы мекемесi қайта құру жолымен шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Мемэнергиясараптама» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi- Кәсiпорын) болып қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитетi мемлекеттік басқарудың органы, сондай-ақ кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсiн. ҚР Үкіметінің 2000.04.02. № 167 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Кәсiпорын қызметiнің негiзгi нысанасы мыналар болып белгiленсiн: электр энергетикасы және энергия үнемдеу мәселелерi бойынша, оның iшiнде қайта жаңартылатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынатын объектiлердiң жобалары бойынша белгiленген тәртiппен энергетикалық сараптама жүргiзу және қорытындылар беру; энергетикалық жабдықтар мен электр және жылу тораптарындағы технологиялық бұзылулар мен аварияларды, сондай-ақ оларда өндiрiстік жарақат алу жағдайларын тексеру кезiнде оған белгiленген тәртіппен қатысу. 4. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегi комитет кәсiпорынның жарғысын заңдарда белгіленген тәртіппен әзiрлеп, бекiтсін және оны мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсін. 5. «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: 1) реттік нөмiрi 482 - «Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгі» деген тарау мынадай редакцияда жазылсын: «104-1 Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгінің «Өндiрiстiк-пайдалану кәсiпорны» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзy құқығында) Астана қаласы»; 2) мынадай мазмұндағы, реттік нөмiрi 507 - тараумен және жолмен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитетi 507 «Мемэнергиясараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Астана қаласы». 6. «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік энергетикалық қадағалау туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 8 қарашадағы № 1489 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1995 ж., № 35, 443-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
|