Қазақстан халқы тарихи-мәдени мұрасының кейбір объектiлерiн сақтау жөніндегі қосымша шаралар туралы (2003.26.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шiлдедегi және «Мәдениет туралы» 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан халқының тарихи-мәдени объектiлерiне жататын қымбат бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды сақтау және ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетiнiң «Алтын және қымбат бағалы металдар мұражайы» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсiпорыны, оның негізгi мiндеттерi қымбат бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған тарихи-мәдени мұраны есепке алу, анықтау, зерттеу, күтiп ұстау, сақтап қою, жаңғырту, қайта туындату, мұражайландыру және насихаттау болып белгіленiп, «Алтын және қымбат бағалы металдар мемлекеттік мұражайы» Мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - Мұражай) етiп өзгерту жолымен қайта құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлiгі заңнамада белгіленген тәртiппен: бiр айлық мерзiмде Мұражайдың жарғысын бекітіп, оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; екi айлық мерзiмде Қазақстан Республикасының Yкіметiне қымбат бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған тарихи-мәдени мұра объектiлерiн Мұражайға сақтауға берушi меншiк иелерiн материалдық және моральдық көтермелеу шаралары туралы ұсыныстар енгізсiн; үш айлық мерзiмде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұражайлары қорларында, сондай-ақ жеке жинақтамаларда тұрған қымбат бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған тарихи-мәдени мұраның объектiсiн Мұражайдың сақтауына берудi ұйымдастырсын; 2000 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде Қымбат бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн бекiтсiн және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын; Жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп қымбат бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған тарихи-мәдени мұра объектiлерiн анықтау және есепке қою мақсатында тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi комиссиялардың республиканың барлық аймақтарындағы көшпелi отырыстарын тұрақты өткiзудi практикаға енгiзiп, аталған комиссиялардың жұмысын жандандырсын; халық арасында қымбат бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған тарихи-мәдени мұра объектiлерiне күтiмдi көзқарастың қажеттiгi, оларды Мұражайдың сақтауына берудің орындылығы және аталған бұйымдарды мемлекет сақтауына берген олардың меншiк иелерi - азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының сақталуына мемлекет беретiн кепiлдiктер туралы түсiндiру жұмысын тұрақты жүргiзетiн болсын. Үкiметтiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгiзсiн, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Iс Басқармасы (келісім бойынша) және Алматы қаласының әкімімен бiрлесiп 10 күндiк мерзiмде Қазақстан Республикасының Yкіметіне мұражайды Алматы қаласында орналастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн. 4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi қымбат бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған тарихи-мәдени мұра объектілерін елден заңсыз алып кетудiң жолын кесу жөніндегі жұмысты күшейтсін. ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдеріне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): аталған қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде реттiк нөмiрi 512-20-жол алынып тасталсын; 2) «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 499 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 16, 163-құжат): аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесіндегі «Басқа ұйымдар» бөлiмi мынадай мазмұндағы 55-2-тармақпен толықтырылсын: «55-2. Қымбат бағалы металдар, асыл тастар және олардан жасалған бұйымдардың мемлекеттік мұражайы». 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
|