Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетiнiң «Жамбылсушар» шаруашылық жүргiзу құқығындағы су шаруашылығы жөнiндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы (2005.06.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетiнiң «Жамбылсушар» шаруашылық жүргiзу құқығындағы су шаруашылығы жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсiпорны оның құрамынан «Таразсушар» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын (бұдан әрi - Кәсіпорын) бөлiп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң Су ресурстары комитетi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін. 3. Сумен жабдықтау саласындағы шаруашылық қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстарды және кешендi мақсаттағы су қоймаларын пайдалану мен жөндеу, мемлекетаралық пайдаланылатын су шаруашылығы құрылыстарын Қырғыз Республикасымен бiрлесiп пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi болып белгіленсiн. 4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне Кәсiпорынның жарғысын бекiтуге ұсынсын; 2) Кәсiпорынның әділет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсін: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетi» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 145-11-жолмен толықтырылсын: «145-11 «Таразсушар» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Тараз қаласы.»; 2) ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
|