Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы (2008.15.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін. 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін; 2) Кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-73-жолмен толықтырылсын: «9-73 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы»; 2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 529-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «1. Мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 39-1-жолмен толықтырылсын: «39-1. Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы»; «2. Мемлекеттік мекемелер» деген бөлімде: реттік нөмірі 54-жол алынып тасталсын; 3) ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 339 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
|