Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мемлекеттік авиациялық орталық»республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру және маңызды стратегиялық мәні бар мемлекеттік сатып алу туралы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мемлекеттік авиациялық орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін. 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы үшін ұшу құрамын және Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты үшін әскерге шақыру жасына дейінгі адамдарды бастапқы даярлауды қамтитын білім беру саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін. 4. 2006 жылға кәсіпорын сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар пилоттарды бастапқы даярлау үшін жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуші болып белгіленсін. 5. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне кәсіпорынның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 11000000 (он бір миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін. 6. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін; 2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 3) Қазақстан Республикасы Қаржы, Қорғаныс, Төтенше жағдайлар, Білім және ғылым министрліктерімен және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі» деген бөлімде «Әуе көлігі» деген бөлімше мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 60б-жолмен толықтырылсын:
2) «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 46, 582-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесіндегі 4-тармақ алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын: «2. «Мемлекеттік авиациялық орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында).». 8. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Мемлекеттік авиациялық орталық» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 19 мамырдағы № 428 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2006 ж., № 18, 174-құжат) күші жойылды деп танылсын. 9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
|