Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Суавтоматика» ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта атау туралы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Суавтоматика» ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Су-метрология» ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін. 3. Сумен қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық қызметті жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынсын; 2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитеті» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 145-12-жолмен толықтырылсын: «145-12 «Су-метрология» ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Шымкент қаласы.»; 2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 27-жолмен толықтырылсын: «27. «Су-метрология» ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, Шымкент қаласы.»; 3) «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік мақсаттарды орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 82-1-жолмен толықтырылсын: «82-1. «Су-метрология» ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.». 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|