Осы редакция 2014 жылғы 15 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 565 бұйрығымен бекітілген № 8 қосымша
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретi шегiнде қылмыстық-атқару қызметi саласында iске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлінісі болып табылады. Қылмыстық-атқару жүйесінің құрылымын Комитет (орталық атқарушы органның ведомствосы), Комитеттің аумақтық органдары, қылмыстық жазаларды орындайтын мекемелер мен органдар (қылмыстық-атқару инспекциялары, түзеу мекемелері), тергеу изоляторлары, емдеу - профилактикалық ұйымдар және білім беру ұйымдары, қылмыстық-атқару жүйесі саласында өндірістік қызметті жүзеге асыруға және сотталғандарды еңбекке тартуға арналған ұйымдар (бұдан әрі - кәсіпорындар) құрайды. 2. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкiметiнiң актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық құқық және халықаралық шарттар нормаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Комитеттің құрылымы мен штаттық санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің штаттық саны лимиті шегінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (бұдан әрі - Министр) бекiтедi. 1) Басшылықтан; 2) Штаб басқармасынан; 3) Кадр жұмысы басқармасынан; 4) Жедел басқармадан; 5) Режим, қадағалау және күзет басқармасынан; 6) Құқықтық қамтамасыз ету және наразылық-талап жұмысы басқармасынан; 7) Қаржы-экономикалық басқармасынан; 8) Ресурстық қамтамасыз ету басқармасынан; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|