ҚР Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 301 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 37 бұйрығына 3-қосымша
(2014.19.06. берілген толықтырулармен)
1. «Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызметі). Мемлекеттік қызметті Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық қызмет көрсету комитеті және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген «Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: 1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық) арқылы; 2) өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) бар болған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жеткізгіште. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: бизнес-сәйкестендіру нөмірін бере отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы не филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|