«Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын іске асыру жөніндегі 2012 - 2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1389 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын іске асыру жөніндегі 2012 - 2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1389 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 3, 73-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 2, 3, 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жоспардың орындалуын уйлестіруді қамтамасыз етсін. 3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар Жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және жыл сайын 15 қаңтарға және 15 шілдеге Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне оның орындалу барысы туралы ақпарат берсін. 4. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі жыл сайын 25 қаңтарға және 25 шілдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаевқа жүктелсін.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|