Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2009 жылғы 29 қазандағы № 1710 және «Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 17 қарашадағы № 1351 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2014 жылғы 12 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1710 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген «Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу (қайта тіркеу) және Мемлекеттік темір жол жылжымалы құрамы тізілімінен шығару» мемлекеттік қызмет стандартында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына, «Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қарашадағы № 1351 қаулысына сәйкес көрсетіледі.»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Ақылы негізде көрсетілетін тартқыш, сондай-ақ мотор-вагонды жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеуді қоспағанда, жүк, жолаушы, арнайы жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу өтеусіз негізде жүзеге асырылады. Тіркеу алымы жергілікті бюджетке «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен төленеді және мыналарды: 1) тіркеу үшін - алымды төлеу күні қолданылатын - 0,25 айлық есептік көрсеткішті; 2) қайта тіркеу үшін - алымды төлеу күні қолданылатын - 0,25 айлық есептік көрсеткішті құрайды.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|