«Дене дайындығы мен спорт бас басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы
Осы редакция 2014 жылғы 27 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Дене дайындығы мен спорт бас басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті Орталық армия спорт клубы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Спорт комитеті) болып қайта аталсын. 2. Спорт комитеті штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері штат санының лимиті шегінде 1003 бірлік санында белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі: 1) Спорт комитетінің Жарғысына тиісті өзгерістер енгізсін; 2) Спорт комитетінің әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын. 4. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 наурыздағы № 368 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 15, 142-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақтың 3) тармақшасына (құпия). 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
|