Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық ана мен бала денсаулығын сақтау ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық ана мен бала денсаулығын сақтау ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін. 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау мен ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынсын; 2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 2010.02.03. № 157 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 529-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «1. Мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде: реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын: «21. Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы». 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
|