“Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт миннстрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінiң Археография және деректану ұлттық орталығы"
Осы редакция 2014 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгі Ақпарат және мұрағат комитетінiң Археография және деректану ұлттық орталығы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын. 2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi шет елдерде сақтауда тұрған және Қазақстан тарихына қатысы бар құжаттар мен қолжазбаларды анықтау, жинау жөніндегі жұмыстарды әдiстемелiк қамтамасыз ету және үйлестiру, оларды археографиялық сипаттау және Қазақстан туралы шетелдiк мұрағат көздерiнiң бiрыңғай дерекқорын құру болып белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Мекеменi қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігіне көзделген қаражат есебiнен және соның шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 5. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат) мынадай толықтыру енгізiлсiн: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде: "Мұрағат iсi саласындағы ұйымдар" деген бөлiм: мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 14-1-жолмен толықтырылсын: "14.1 "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Археография және деректану ұлттық орталығы" ММ". 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|